Жаңалықтар

«Жан ішінде жарық нұр»

2023 жылдың 23 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы Жетісу орталық кітапханасында ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айгүл Жұмаділмен «Жан ішінде жарық нұр» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның «Жан ішінде жарық нұр» атты кітабының тұсауы кесіліп, шығармашылығы насихатталды. Ақынның өлеңдері оқылып, поэзия әлеміндегі жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа оқып, ақынмен ашық диалог орнатты. Аталған іс-шараға көрнекті ақын-жазушылар Бақыт Беделхан, Қанағат Әбілқайыр, Қанат Әбілқайыр, Есболат Айдабосын, Жангелді Немеребай, Нұргүл Маулина мен аудармашы Шынар Әбілда, әнші Гүлмира Асылхан қатысып, ақын шығармашылығы туралы кеңінен толғап өтті. Шара соңында әнші Гүлмира Асылханның орындауындағы Айгүл Жұмаділдің өзінің сөзіне жазылған «Қазақпын» атты әні орындалды.
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.09.2023

Ақын, ұстаз Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Айгүл Жұмаділмен кездесу кеші

Ақын, ұстаз Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Айгүл Жұмаділдің "Мына өмірді жырлашы" атты кездесу кеші
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Афиша Уақыты: 18.09.2023

«Kitap Time – 2023»

Бүгін кітапхана шаңырағында «Kitap Time – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Айтулы шараның мақсаты- кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интелектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік білімін арттыру. Шара барысында 2023 жылғы мерейтой иелерінің кітаптарына арналған «Кітап-дефиле» ұйымдастырылып,жас ақындар мен оқырмандар арасында «Поэзия Тіме» атты кездесу ұйымдастырылды. Оқырмандарға арналған «Сирек кітаптар және бабалар аманаты» атты ашық диолог, «Кітап – әлеміне саяхат» кітап көрмелері, кітап- жәрменкесі ұйымдастырылып, «Art-vision» қолөнер шеберлері мен суретшілердің павильоны, «Kitapland Travel» викториналық ойындар, «Библио sport» алаңында тоғызқұмалақ және шахмат турнирі, робототехника инклюзивті ойындары ойнатылды....
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.09.2023

Жетісу ақын - жазушылармен кездесу!

"Кітап time" ІІ жалпы республикалық фестиваль Жетісу ақын - жазушыларымен кездесу. Кеш қонақтары! Ақын, журналист Қуат Қайранбаев пен ақын, Ерлан Жүніс
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Афиша Уақыты: 11.09.2023

«Жылдың үздік жас кітапханашысы – 2023»

2023 жылдың 18 тамыз күні Жетісу облысы С.Сейфуллина атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылардың шығармашылық, іскерлік белсенділігін анықтау және кәсіби әлеуетін жандандыру мақсатында «Жылдың үздік жас кітапханашысы – 2023» областық байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең: Тақырыптық эссе жазу 2 кезең: «Кітапханашы келбеті» бейнетаныстырылым 3 кезең: Жоба, бейнепортфолио 4 кезең: Шығармашылық қойылым Байқауға аудан, қала, ауылдық кітапханарынан 9 кітапханашы бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша «Алғыс хатпен» – Жайлаухан Айсауле, Шарипова Назира, Құрманбаева Мадина марапатталса, «Кітапханашы келбеті» номинациясымен – Бектемысова Асель, «Ұтымды ой зергері» номинациясымен – Байқұлова Мөлдір, «Сұлу сөз, көркем ой шебері» номинациясымен – Жунисова Мақпал , «Өнерлі өр иесі» номинациясымен – Себепова Алия, «Көрерм...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.08.2023
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика